Мектеп асханасындағы ас мәзірін ата-аналардың өздері жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп асханасындағы ас мәзірін ата-аналардың өздері жасайды

Мектеп асханасындағы ас мәзірін ата-аналардың өздері жасайды

Мектептердегі асханаларды реформа күтіп тұр. Білім министрлігі 1-ші маусымнан бастап балаларды жаңа талап бойынша тамақтандырмақ.

  • 21 Наурыз 2014
  • 527
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін мектептердегі асханалар жеке адамдардың қолында болған. Тендерде жеңіске жеткен кәсіпкердің қазанын қалай қайнатса да өз еркі. Салдарынан балалардың ас мәзірінен ет, көкөніс пен сүт өнімдері қысқарып қалған-ды. Оның үстіне құрал-жабдықтардың 70 пайызының тозығы жеткен. Әбден былыққа батқан бұл саланы депутаттар талай рет сынға алған болатын. Халық қалаулыларының қатаң ескертулерінен кейін нәтиже шығардық деген Білім министрлігі «жаңа оқу жылынан бастап аспаздар мен ас мәзірін ата-аналар және мектеп директоры таңдайтын болады. Сондай-ақ, бағадан бұрын, тағамның сапасына ерекше көңіл бөлеміз» деп сендіріп отыр.