Өскемен тұрғындары су алған көшелерді өздері тазалауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен тұрғындары  су алған көшелерді өздері тазалауға кірісті

Өскемен тұрғындары су алған көшелерді өздері тазалауға кірісті

Еріген қар суы Өскеменнің шеткі аудандарын басып жатыр. Тұрғындар қазір қолына кетпен-күрегін алып, оған өз күштерімен бөгет жасап, жанталасуда.

  • 21 Наурыз 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қала іргесіндегі ықшамауданда қызыл су тіпті бірнеше көшені басып өткен. Еріген қар суы арыққа сыймай арнасынан асып жатыр. Тұрғындар оған дер кезінде тазаламаған коммуналдық қызметті кінәлайды. Арықтың екі жағындағы көшені қосып тұрған шағын көпір де ортасынан опырылып түсіпті. Жұртқа қазір үйіне жетудің өзі мұңға айналған.


Владимир Тен, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Түнде судың көтерілгені сонша үйімізден шығып кеттік. Басып қала ма деп қорықтық. Осыны біле тұра әлі бір де бір қалалық коммуналдық қызмет келіп, жағдайыды көрген емес. Бүгін, міне,  тізеден су кешіп жүрміз.