Ауа-райының қолайсыздығы ақтөбеліктерді әуреге салды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа-райының қолайсыздығы ақтөбеліктерді әуреге салды

Ауа-райының қолайсыздығы ақтөбеліктерді әуреге салды

Ауа-райының қолайсыздығы ақтөбеліктерді әуреге салды. Кешеден бері барлық бағыттағы жолдар жабылып, әуежайдың да жұмысы бірнеше сағатқа тоқтады. Тіпті осы өңірге арнайы келмек болған еліміздің бас экологы да сапарын кейінге шегерген. Министр мінген ұшақ Ақтөбе қаласына табан тірей алмай, кері ұшып кетіпті.  

  • 21 Наурыз 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz


Ал, облыс жолдарында құтқару шаралары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі өткен түнде ғана 129 адамға көмек көрсетіліп, оларды діттеген жеріне жеткізіп салған. Жолда әлі жәрдем сұраған жүзге жуық машина қар құрсауынан шыға алмай, қаңтарылып тұр. Ал, көлік ұстап қалаға жетіп аламын деп шыққан Алға ауданының тұрғыны қалың боранда адасып кеткен. Кірпігіне мұз қатып, электр бағанасына сүлесоқ сүйеніп тұрған жігітті құтқарушылар тауып алыпты. Қарғалы ауданында да күшті жел бірнеше үйдің шатырын жұлып әкеткен. Тұрғындар енді оны қалай қалпына келтіреміз деп бас қатырып жатыр.