СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Футболдан Еуропа Лигасының ширек финалына шыққан 8 команда белгілі. Осы кезеңде нағыз жігерлік танытқан “Севильяны” атап өтуге болады. Өз алаңында “Бетиске” 2:0 есебімен жол берген Унай Эмирей шәкірттері қарымта матчта кеткен есені қайтарды.

  • 22 Наурыз 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ лондондық “Тоттенхэм” де дәл осындай ерлікке бір табан жақын болған. Бірақ оларға сәттілік жолдас болмады. Кездесудің 34-ші минутында Эсекель Гарай алаң қожайындарын алға шығарды. Алайда үзілістен кейін көсіле ойнаған “Тоттенхэм” футболшылары екі минут ішінде қос гол тоғытып есепте алға шықты. Дубль авторы- Насер Шадли. Қалған уақытта үлкен күшпен шабуылдаған қонақтар үшінші гол соғатын тамаша мүмкіндікті пайдаланбады. Ал қосымша уақытта жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырған португалдықтар пенальтиден таразы басын теңестіріп кетті. Қос ойын нәтижесі бойынша келесі кезеңге шыққан “Бенфика” өз қарсыласын бүгін білетін болады.

 

Ал Еуропа Лигасының бірден бір фавориты саналған “Наполи” ширек финалға шыға алмады. Өз алаңында “Портуды” қабылдаған италиялықтар 2:2 есебімен тең тарқасты. Ал португалияда соғылған жалғыз голдың арқасында пиринейліктер келесі кезеңге өтті.

Матчты ширақ бастаған алаң қожайындары допқа толықтай иелік етті. Тиісінше нәтиже де көп күттірген жоқ. 21-ші минутта Горан Пандев есеп ашты. Шабуылды соңына дейін жеткізе алмаған “Наполи” футболшылары сәт сайын ұрымтал тұстан мүлт кетіп жатты. Қонақтар болса 69-шы минутта Набиль Гиластың көмегімен таразы басын теңестіріп, артынша тіпті есепте алға шықты. Италиялық қорғаушылардың арасынан саңлау тапқан Рикарду Куарежма болатын. Намысқа тырысқан Рафаэль Бенитес тәлімгерлері тек қосымша уақытта қонақтар қақпасына екінші допты тоғытты. Қортынды есеп 2:2. “Порту” ширек финалда.           

 


Ярослова Шведова Майамида өтіп жатқан мәртебелі теннис турнирының екінші айналымында сүрінді. Қазақстандық спортшыны турнирдан тыс қалдырған  әйгілі америкалық шебер Серена Уильямс.

Бірінші сетте брейкпен алда тұрған Шведова өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Тайбрейкке созылған бірінші партия Серенаның пайдасына аяқталды. Ал екінші сетте америкалық тенисші қазақстандыққа еш мүмкіндік бермеді. Қортында есеп 7:6, 6:2. Енді Серенаның келесі айналымдағы қарсыласы француз Каролин Гарсия. Бүгін тағы бір отандасымыз Зарина Дияс америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнайды. Бұл бәсеке астана уақытымен кешкі сағат 21:00 де басталады.