Қазақ киносының атасы – Ш. Аймановтың 100 жылдығына орай киноконцерт өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ киносының атасы – Ш. Аймановтың 100 жылдығына орай киноконцерт өтті

Мерейтойлық кеште режиссер әрі актер Айманов түсірген фильмдердің тарихынан сахналанған көріністер, фильмнен үзінділер көрсетіліп, танымал әншілер арнайы саунд тректерді орындады. Киноға арнап жазылғанымен, халықтың сүйікті әндеріне айналған туындыларды көрермен зор қошеметпен қарсы алды. Дәулет Әбдіғаппаров пен Қарлығаш Мұхамеджанова сында жас актерлер көрерменнің көзайымына айналған танымал ролдерді қайта сомдады. Шоқтығы биік махаббат дастандарының бірі – «Қыз-Жібек» фильмін көрермен қауым үлкен сахнадан тамашалады.     

  • 22 Наурыз 2014
  • 634
Фото - Caravan.kz

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақ киносының атасы – Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына орай киноконцерт өтті. Ұлттық кинематографияның алтын қорына Шәкен Кенжетайұлы мұра етіп қалдырған «Тақиялы періште», «Қыз-Жібек», «Біздің сүйікті дәрігер» сияқты фильмдердегі әндер шырқалды.