Новруз, Навруз, Нуруз, Невруз – атауы түрлі болса да, Наурыз мерекесінің тілегі бір — береке, ырыс, ынтымақтың еш үзілмеуі. Мерекеніңмыңжылдық тарихы бар. Наурызды бұл күндері тұтас түркі әлемінен бөлек, Иран, Үндістан, Ауғанстанда да атап өтуде. Мұхиттың ар жағындағы Лос-Анджелестегі түркілер де Ұлыстың ұлы күнін думандатып қарсы алып жатыр. Оларды Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обаманың өзі арнайы құттықтады.
Барак Обама, АҚШ Президенті:
— Мен сіздерді көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні көптеген әлем халықтары дастархан басында отырып, бір-бірлеріне ізгі-тілектерін айтады. Мен де отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл көктем тек жақсылығын әкелсін.