Ұлыстың ұлы күнін – аймақтарда кең көлемде атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыстың ұлы күнін – аймақтарда кең көлемде атап өтуде

Ұлыстың ұлы күнін – аймақтарда кең көлемде атап өтуде

Ұлыстың ұлы күнін – аймақтарда да кең көлемде атап өтіп жатыр. Жер-жерден этно ауылдар бой көтеріп, қазан қойылып, Наурыз-көже әзірленді. Мәселен, Павлодарда ұлық мерекеде 50 мың бауырсақ пісіріліп, 12 мың табақ палау тартылған. Ал Семейде такси қызметі қала тұрғындарына ерекше құрмет білдіріп, клиенттеріне бір тостаған қымыз ішкізбей көлігінен түсірмейді. Сондай-ақ, қомқорлық пен мейірім де жасалар бұл күні көкшетаулық 45 отбасыға жеке пәтердің кілті табыс етілді.    

  • 22 Наурыз 2014
  • 644
Фото - Caravan.kz

Жыл басы — әз-Наурыз әспеттелетін жаңару күнін еліміз қашанда ерекше ықылыспен күтеді. Міне, биыл да төл мерекенің лебі басым. Батыс пен солтүстікте кете қоймаған суыққа, оңтүстікте тасқынға қарамастан.

Камал Баденова, аспаз:

— Кеше күні бойы наурызға дайындалып біз, қанша күрішті дайындадық. Осыншама көп плов дайындамақ емеспіз. Қанша ет турадық кеше.

Бұл Павлодар тұрғындана әзірленген «Наурыз көже». Ұйымдастырушылар сараңдық танытпай, биыл думанды мерекеге 7 түрлі тағам қосылған ақтың мың литрін әзірлепті. Бұдан өзге 12 мың табақ палау мен 50 мың бауырсақ пісірілген. Оған 1 тонна ұн мен 6 мың жұмыртқа жұмсалыпты.

Гүлнар Үйсінбаева, Павлодар қаласының тұрғыны:

Керемет болып жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет.  Ағы да мол, бауырсағы да, наны да,  палауы да мол. Осы күні түгелі жақсы тойып, қарындары қампиым, мәз-мейрам болып жүр.

Ал бұл Көкше төріндегі қауым үшін басталған мерей алды. Мұнда да қазан қойылып, көжеден дәм таттырылуда. Десе де ең қуанышты сәт мына кісілер үшін болған шағыр. Өйткені облыс әкімдігі биыл көптің алдында жеке баспанаға мұқтаж 45 отбасыға пәтер кілтін табыс етуді жөн көріпті.   

Басқасындай емес, ерте көктем жететін Сыр өңірінде думанның көркін концерттік бағдарламадан өзге, ұлттық ойын құмарлар қыздырып жатыр.


Ал Семейде такси жүргізушісі қала тұрғындарына ерекше қызмет түрін ұсынуда. Қыдыр ата кейпіне енген Вячеслав Незамудиновкөлігіне отырған әрбір клиентті кесе толы қымыз ішкізбей түсірмейді.  

Вячеслав Незамудинов, Семей қаласының тұрғыны:

—  Жаңа ғана 24-ші жолаушыны жеткіздім. Бауырсақ пен қымыз ұсындым. Өте көңілді кетті. Бұндай мерекеде адамдардың көңілі көтеріңкі болуы керек.

Түркі дүниесінің төл мерекесі наурызбен қазақ 1988 жылы ғана қайта қауышты. Сол сәттен санасақ, ұлық күнді осымен 26-шы рет қарсы алып жатыр екенбіз.