Еске сала кетейiк, Ерлан Пернебеков "Астана" құрлықтық командасының сапында Эквадорда оқу-жаттығу жиындарында жүрiп көз жұмған болатын. 14 наурызда ол жаттығудан кейiн басының қатты ауырып жатқандығын айтып, содан дереу ауруханаға жатқызылған. Дәрiгерлердiң айтуынша, спортшының миында тамыр жарылып кеткен. Оны жасанды комаға енгiзгенмен ол тәулiк өтпестен жан тапсырды.
Ерлан Пернебеков — шымкенттiк велоспорттың түлегi. Ол 2013 жылы топтық жарыста Азия чемпионы атанды. 2014 жылы Ерлан Қазақстан құрамасына және Astana Continental Team клубына енген болатын.
ҚР СIМ мен Қазақстанның велоспорт федерациясы оның денесiн Қазақстанға жеткiздi. Жерлеу рәсiмiне командалас достары, бапкерлер мен велоспорт мектебiнiң жетекшiлерi келдi.