Гарри ханзада Қазақстанға романтикалық саяхат жасамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гарри ханзада Қазақстанға романтикалық саяхат жасамақ

Гарри ханзада Қазақстанға романтикалық саяхат жасамақ

29 жасар Ұлыбритания ханзадасы Гарри өзiнiң сүйiктiсi Крессида Бонаспен бiрге Қазақстанға романтикалық саяхат жасамақ. Бұл туралы Mirror басылымы хабарлады. 

  • 26 Наурыз 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz


Ханзада әдеттегi швейцариялық тау шатқалдарының орнына Қазақстанның курортты аймақтарына келудi шешкен. Басылымның жазуынша, корольдің жанұясында Швейцарияның Клостерс тау шаңғысы курортында демалу 30 жылдан бергi дәстүрге айналған. Алайда Гарри өзiнiң мiнезiне тән қылықпен ол дәстүрге мойынсұнбай, ерекшеленгiсi келген болса керек.

Жас жұптың достары осы демалыстарда Қазақстан жерiнде Гарри өзiнiң 25 жастағы сүйiктiсiнің қолын сұрайды деп үмiттенедi. Себебi олардың махаббаты күн өткен сайын күшеюде.

Батыс елдерiнiң бiраз бөлiгi Қазақстанды Саша Барон Коэннiң "Борат" фильмi арқылы таныды. Британдық басылымдардың жазуынша, Қазақстан болашақта Еуропаның ең басты курорттық орындарына айналады. Алматы маңындағы тау шатқалдарында 7 шаңғы курортын ашу көзделуде.