Ғарышқа алғаш рет байқоңырлық жігіт ұшады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарышқа алғаш рет байқоңырлық жігіт ұшады

Ғарышқа алғаш рет байқоңырлық жігіт ұшады

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесі экипажының құрамында байқоңырлық жігіт бар.

  • 26 Наурыз 2014
  • 500
Фото - Caravan.kz

№1 бортинженер Олег Артемьевтің балалық және жастық шағы осында, Байқоңыр қаласында өткен. Сондықтан байқоңырлықтар оны өз жерлесіміз деп санайды.

Ресейлік ғарышкер Олег Артемьев 43 жаста, ол экипаждағы ең жасы әрі тәжірибе жағынан да. Ол ғарышқа алғаш рет ұшқалы отыр.  

47 жастағы кеме командирі, Ресей Федерациясының Батыры Александр Скворцов ғарышқа екінші рет ұшады. 2011 жылы ХҒС-23 және ХҒС-24 ұзақмерзімді экипаждарының құрамында орбитада жарты жылға жуық уақыт жұмыс істеді.

Американдық астронавт, №2 бортинженер Стивен Рей Свонсон 53 жаста. Ол ғарышқа үш рет, ал «Союз» кемесінде алғаш рет ұшқалы отыр. Жалпы ұзақтығы 26 тәулік 15 сағат 25 секунд екі рет ғарышқа ұшты. Ашық ғарышта жалпы ұзақтығы 26 сағат 22 минутқа төрт рет шықты.


«Союз ТМА-12М» ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуына бірнеше сағат қалды: ұшыру 26 наурызға, Астана уақытымен 03 сағат 17 минутқа белгіленген.