Байқоңырдан «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңырдан «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан Астана уақытымен 03 сағат 17 минутта «Союз ТМА-12М» тасымалдаушы басқарылатын кемесімен «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы ұшырылды.

  • 26 Наурыз 2014
  • 769
Фото - Caravan.kz

«Союз ТМА-12М» ғарыш кемесінің бортында құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, Ресейғарыш ғарышкері, №1 бортинженері Олег Артемьев және американдық астронавт, №2 бортинженер Стивен Рей Свонсон халықаралық экипажы бар.

Ресейғарыштың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшыру ойдағыдай өтті, есепті уақытта «Союз ТМА-12М» кемесі  «Союз-ФГ» зымыран тасығышының үшінші сатысынан бөлінді.

Статистика бойынша, бұл «Союз» басқарылатын кемесінің 119-ұшуы және Халықаралық ғарыш стансасына 38-ші сапар.

Тасымалдаушы басқарылатын кеменің ХҒС-мен түйісуі ұшырылғаннан кейін алты сағаттан соң автоматты режимде жоспарланған.


Скворцов-Артемьев-Свонсонның экипажы ғарышта 175 тәулік болмақ. Экспедиция кезінде олар ресейлік бағдарлама бойынша орбитада 49 ғылыми тәжірибені және американдық 170-ке жуық ғылыми тәжірибені жүзеге асырады.

Орбитада жаңа экипажды ХҒС командирі, жапондық астронавт Коити Ваката, бортинженерлер — ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин мен американдық астронавт Рик Мастраккио күтуде.