Девальвация салдарынан Қазақстан Даму банкіне 44,6 млрд теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Девальвация салдарынан Қазақстан Даму банкіне 44,6 млрд теңге қажет

Девальвация салдарынан Қазақстан Даму банкіне 44,6 млрд теңге қажет

Қазақстан Даму банкі қаржыландыру шарттарын өзгерту арқылы жобаларды сауықтандыруды қажет етіп отырған қарыз алушылармен келіссөздер жүргізіп отыр, деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан Даму банкі.

  • 26 Наурыз 2014
  • 641
Фото - Caravan.kz

Шаралар шикізаттық емес сектордың кәсіпорындары үшін теңге девальвациясының салдарын барынша азайтуға бағытталған.

Қарыздарды қайта құрылымдау мүмкіндігі мына жағдайларда көзделген, мәселен, несие шетелдік валютада беріліп, қарыз алушының табысы теңге түрінде қалыптастырылған жағдайда; қарыз алушының кірісі мемлекеттік органдар реттеп отыратын тарифтерге тікелей байланысты болған жағдайда; жоба экономикасы девальвация салдарынан мәнсіз болып қалып, қарыз алушы несиені мүлдем төлемей қоюы ықтимал болған жағдайда.

1-наурызға қарағанда Қазақстан Даму банкісінің қарыз беруге арналған қоржыны 2,809 млрд долларды құрады.


Қазақстан Даму банкі 2001 жылы құрылған, "Бәйтерек" ұлттық холдингісінің құрылымына енеді.