Ливия экс-премьері Еуропаға террористік қауіп төніп отыр деп ескертуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливия экс-премьері Еуропаға террористік қауіп төніп отыр деп ескертуде

Ливия экс-премьері Еуропаға террористік қауіп төніп отыр деп ескертуде

Ливияның бұрынғы премьер-министрінің пікірінше, бұл ел еуропалық мемлекеттерге лаңкестік шабуылдар дайындалатын кезекті базаға айналуы ықтимал, деп хабарлады сәрсенбіде британдық "Таймс" газеті.

  • 27 Наурыз 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

" Италия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Марокко және басқа бір елде жауынгерлік операциялар жүргізу үшін Ливия "әл-Каиданың" базасы болуы әбден ықтимал", деді Али Зейдан басылымға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ол жуық арада Ливияға оралып, онда тәртіп орнатуға, экстремизмге қарсы күресуге көмектеспек.

А.Зейдан ливиялық парламент биыл 12-наурыз күні оған сенімсіздік білдірген соң елден қашқан болатын. Экс-премьерге қарсы сыбайластық туралы іс қозғалды, оған шетелге кетуге тыйым салынған болатын. Соған қарамастан ол Ливиядан қашып кетіп, Германиядан саяси пана сұраған.