Жоба 2014 жылы 26-наурыз күні сағат 19:00-де басталады.
Билет дистанциялық түрде ресімделеді, қағаз түрінде принтер арқылы шығарылады, жолаушының поезға отыруы электронды тіркеу арқылы жүргізіледі.
Билеттерді www.epay.raiways.kz сайты арқылы сатып алуға болады.
"Қазіргі уақытта бұл схема пилотты жоба ретінде Алматы-Астана (001/002 поезы), Орал-Астана (057/058 ), Атырау-Алматы (077/078), Ақтөбе-Астана (087/088) маршруттары үшін енгізілген ", делінген ақпаратта.
Интернет-сату Қазақстанның бүкіл аумақтары үшін 2015 жылы қолжетімді болмақ.
"Ғаламтөрге шыға алатын компьютерден билет сатып алу арқылы жолаушы бұрынғыдай кассаға бармайды, тікелей поезға шығады", делінген хабарламада.
Поезға отыру кезінде жолсерік жолаушыны ұялы терминал көмегімен тіркейді.
Билетті дәстүрлі түрде теміржол кассалары арқылы да сатып алып күшінде болады. Алайда, элекронды сатылым басталған соң жолаушы кассадан әдеттегі билет бланкісін емес, сыртынан қарағанда транзакцияның төлем терминалы арқылы жүргізілгендігін елестететін чек іспетті фискалды билет алады.
Жол жүру құжатында сапарға қатысты бүкіл көрсеткіштер көрсетілмек: маршруттың нөмірі мен бағыты, поездың, вагонның, отырғызылатын орынның нөмірі.