Шымкентте қатыгез ана бір қызын тепкілеп өлтірсе, екіншісін есінен танғанша сабаған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қатыгез ана бір қызын тепкілеп өлтірсе, екіншісін есінен танғанша сабаған

Шымкентте қатыгез ана бір қызын тепкілеп өлтірсе, екіншісін есінен танғанша сабаған

Шымкентте жантүршігерлік жағдай! 38 жастағы әйел өзінің екі жасар қызын  тепкілеп өлтірді. Ол аздай 4 жастан енді асқан тұңғышында есінен танғанша сабаған. Тасжүрек әйел туған балаларына жасаған жауыздығын тергеу кезінде жайып салды.

  • 27 Наурыз 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz

Келіншек мұндай зұлымдықты күйеуіне қастасып жасапты. Екеуі ерегесе берген соң, күйеуі оны тастап кетпек болған. Осыған ашуланып, өзге еркекпен өз үйінде арақ ішіпті. Масайған анасын көрген қос қыз жылай берген соң, оларды таяқтап жұбатқан. Екі жасар бүлдіршін   ауыр соққыдан есін жимаған күйі көз жұмған. Ал  4-тен енді асқан ересегі ауруханаға жеткізілді. Қазір, безбүйрек шешесі қамауға алынды. Есі дұрыс болмауы да мүмкін. Тірі қалған баланың  өзі өлім аузында жатыр.


Тимур Бегманов, нейрохирург:

-Алып келген кездегі жағдайы ауыр. Есін білмейді, комада алып келді. Былай қараған кезде үсті басы, бет-аузы денесінің бәрі көгерген. Ол бір күнде көгерген нәрсе емес. Бірнеше күннің іздері бар.