Бүгін орталықта Түркияның «Аджибадем» медициналық тобының мамандары -онколог-гинеколог, доцент Серкан Эрканлы мен хирург-маммолог, профессор МелихПаксой науқастарды тегін қабылдап жатыр.
Олардың айтуынша, мұндай шара өзара тәжірибе және білім алмасуға ықпал етпек. «Біздің Қазақстанға келгендегі мақсатымыз — өзге елдің онкологиялық бағыттағы тәжірибесімен, заманауи медициналық әдіс-тәсілдерімен бөлісу. Менің ойымша, бұл шара Қазақстандағы онкологиялық науқастардың санын азайтып, ауруды алдын-ала анықтауда өз нәтижесін береді», — деді Серкан Эрканлы.