Назарбаев пен Путин интеграция және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Путин интеграция және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Назарбаев пен Путин интеграция және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

  • 27 Наурыз 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

Ел басшылары екіжақты қатынастардың басымдық бағыттарын және сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады, делінген Н.Назарбаевтың баспасөз қызметінен бейсенбіде таралған ақпаратта.

Сонымен қатар еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық өз ара ықпалдастық мәселелері, оның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын дайындау барысы талқыланған.

Екі елдің басшылары Гаагада аяқталған ядролық қауіпсіздік саммитінің нәтижелері бойынша да пікір алмасты.


Н.Назарбаев және В.Путин ынтымақтастықтың бүкіл бағыттары бойынша толық түсіністіктің бар екендігін атап өтті.