Назарбаев ел ішінде танымал тұлғалардың туыстары жол апатына жол берген жағдайда оларды қатаң жазалауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ел ішінде танымал тұлғалардың туыстары жол апатына жол берген жағдайда оларды қатаң жазалауға шақырды

Назарбаев ел ішінде танымал тұлғалардың туыстары жол апатына жол берген жағдайда оларды қатаң жазалауға шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбіде Алматыны дамытуға арналған жиында құқық қорғау органдарына қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін жақсылап қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 27 Наурыз 2014
  • 603
Фото - Caravan.kz

Президент жол апаты санының артып отырғандығына назар аударды, "үш есеге, 7 000 жағдайға дейін артқан", деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

"Жол апатының орын алуына танымал адамдардың балалары мен туысқандары себеп болған жәйттердің де аз емес екендігін ерекше атап өткім келеді", деді Н.Назарбаев, оның сөздері хабарламада келтірілген.

"Заң алдында бәрі тең, ондай жағдайларда балалары мен ата-аналарын анағұрлым қатаң жазалау керек", деді ол.