Қазақстанда ойын бизнесі үшін белгіленген салықты алып тастау ұсынылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ойын бизнесі үшін белгіленген салықты алып тастау ұсынылуда

Қазақстанда ойын бизнесі үшін белгіленген салықты алып тастау ұсынылуда

Ойын бизнесінде жұмыс атқарып отырған кәсіпкерлік субъектілерге белгіленген салықты алып тастау керек,

  • 27 Наурыз 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

деп санайды экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

"Оның орнына алынған табыс пен жұмсалған қаржы есепке алынатын жалпы белгіленген тәртіпті қолдану керек. Бүгінгі күнде субъектілер стол санына және басқасына қатысты төлейді. Болашақта олар жалпы салық кеңістігіне енуге тиіс", деді министр Астанада бейсенбіде салық жеңілдіктері мәселелері бойынша сенат депутаттарымен кездескен кезінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта экономика министрлігі жеңілдіктерді тиімді пайдалануға қатысты талдау жүргізіп отыр, содан кейін ол жеңілдіктерді алып тастау, қайта құру немесе сақтау туралы шешім қабылданбақ. "Мәселен, талдау көрсеткендей, жалпы сомасы 1 трлн 251 млрд 700 млн теңгенің 281 жеңілдігі анықталған", деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, салық жеңілдіктерін пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс үш көрсеткіш бойынша жүргізілуде: бюджеттік тиімділігі,әлеуметтік тиімділігі, экономикалық тиімділігі.


"Біз ең алдымен қысқартылуға жататын жеңілдіктерді белгіледік: уақытша жеңілдіктер, дербес жеңілдіктер және ДСҰ ену талаптарына қайшы келетін жеңілдіктер. Екінші кезекте –жалпы декларациялау қағидаларына сәйкес келмейтіндері", деді Е.Досаев.