Қарағандыда шіркеуден ұрланған 41 миллион теңге ақыры табылмады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда шіркеуден ұрланған 41 миллион теңге ақыры табылмады

Қарағандыда шіркеуден ұрланған 41 миллион теңге ақыры табылмады

Қарағандыда шіркеудің 41 миллион теңгесі сол күйі қайда кеткені белгісіз болып қалды. Оны жергілікті полицейлерден көріп, қылмыстық іс қозғалған болатын. Бірақ «қылмыс құрамы жоқ» деген желеумен іс жылы жабылыпты. Өйткені сотқа арызданған шіркеу өкілдері ақшаның жоғалғанын дәлелдеп бере алмаған.

  • 28 Наурыз 2014
  • 198
Фото - Caravan.kz


2 жыл бұрын провослав шіркеуі тоналып, ұрылар іле шала ұсталған. Діндарлар 90 миллион теңге қолды болғанын айтқанымен, полицейлер оларға 49 миллионын ғана қайтарып беріпті. Іле-шала сол жерде жұмыс істеген полицейлер сезік тудырып, оларға қарсы іс қозғалған. Ақшаны тыққан жерді көрсеткесін, тәртіп сақшылары күдіктілерді қайта қамап тастап, ақшаны өздері ғана тәркілепті. Кейін түгендегенде бірнеше миллион теңгенің орны ойсырап қалғаны анықталған. Бірақ шіркеудегілер сотқа жүгінгенде, қарсы тарап арызда айтылған соманы   дәлелдеп беруді талап етіпті. Садақадан түскен қаражаттың ресми дәлелі болмағасын іс те жылы жабылған.