Жанған оттың ортасынан шыға алмай қиналған қос келіншек қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанған оттың ортасынан шыға алмай қиналған  қос келіншек қаза тапты

Жанған оттың ортасынан шыға алмай қиналған қос келіншек қаза тапты

Қарағанды облысының Cәтбаев қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір подьездің түгі қалмай жанып кетті. Құтқарушылар жеткенше өрттен екі адам опат болған.

  • 28 Наурыз 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz


Жалын түн ортасында бірінші қабаттағы ағаш сатыдан басталыпп, әп-сәтте жоғары қарай өрлепті. Осы уақытта үйінде отырған 2 әйел пәтерден шыға алмаған күйі, түтінге тұншығып қайтыс болған. Арасында бір жасқа толмаған сәби бар, тағы 5 адамға иіс тиіп ауруханаға түссе, 9 адам аман-есен құтқарылған. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар өрттің қасақана қойылғанын бірауыздан айтқасын, енді қылмыстық іспен полиция айналысып жатыр.