Бөкей ордасының аумағына құлаған зымыран бағытынан ауытқып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бөкей ордасының аумағына құлаған зымыран бағытынан ауытқып кеткен

Бөкей ордасының аумағына құлаған зымыран бағытынан ауытқып кеткен

Наурыздың 26-нан 27-сіне қараған түні сағат 02.00-дер шамасында Бөкей ордасы ауданы Шоңай ауылының шығыс бетінде, 500 метрдей қашықтықта «МН-300» метеорологиялық зымыраны құлады.

  • 28 Наурыз 2014
  • 549
Фото - Caravan.kz

Оқиғаға байланысты құрылған комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашевтің сөзіне қарағанда, оның ұзындығы 7 метр, ені 45 сантиметрді құрады. Зымыран төрт бөлікке бөлініп, қалдықтары 50 метр жерге дейін шашыраған. Аудан көлемінде орын алған бұл жайға байланысты прокуратура, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар қызметкерлері және шекарашылар оқиға орнынан табылып, тиісінше акті жасалды. Радиация қалыпты мөлшерде, топырақтан сынама алынып, Орал қаласына жөнелтілді. Зымыранда гептил жоқ, қатты отынмен ұшады. Қазіргі кезде Бөкей ордасы ауданына «Капустин Яр» мемлекеттік полигонының өкілдері келмекші. Содан кейін оқиғаның себеп-салдары анықталмақ.

Абырой болғанда, зымыран елді мекен үстіне емес, ашық жатқан жерге түспеген.


Бұл оқыс оқиғаны алғаш байқаған шоңайлық шекарашы, сержант Арман Қабесовтің айтуынша, ел шырт ұйқыда жатқан кезде орын алған екен. Оның назарына аспанның «Капустин Яр» полигоны жағынан жарық көрініп, одан найзағай сынды шашыраңқы ұшқын пайда болған. Бірақ әдеттегідей, елді дүрліктірер жойқын дыбыс естілмепті. Шекарашылардың пайымдауынша, аталмыш зымыран  БҚО аумағындағы полигон аймағына түсуі керек екен. Алайда, ол траекториясынан ауытқып кеткен.