Кездесу барысында қазіргі Қазақстандағы зиялы қауымның атқарар рөлі мен гуманитарлық ғылымдардың хал-ахуалы талқыланды.
Сонымен қатар, Елбасы мемлекет құруда жаңа идеологиялық көзқарас талап етілетінін, зиялы қауымның қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда маңызы зор екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы композитор Шәміл Әбілтаев пен жазушы Дулат Исабековты қабылдады. Жүздесу кезінде отандық мәдениет пен әдебиеттің әлемдік аренадағы алар орны жайлы әңгіме өрбіді.