Мамыр айынан бастап Ақтаудан Сочи, Волгоград, Ростовқа әуе бағыты ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айынан бастап Ақтаудан Сочи, Волгоград, Ростовқа әуе бағыты ашылады

Мамыр айынан бастап Ақтаудан Сочи, Волгоград, Ростовқа әуе бағыты ашылады

SCAT әуе компаниясы мамыр айында Ақтаудан Сочи, Волгоград, Ростовқа әуе бағытын ашады.

  • 28 Наурыз 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

"SCAT" әуе компаниясы» АҚ-ның PR бөлімі бүгін таратқан хабарламасында мәлімделгендей, 27 мамырдан бастап Ақтау-Волгоград бағытымен сейсенбі мен бейсенбі күндері, Ақтау-Ростов бағыты бойынша бейсенбі күндері, 29 мамырдан бастап сәрсенбі және сенбі сайын Ақтау-Сочи бағытында ұшақ ұшады.

Жаңа әуе бағыттарының ашылуы нәтижесінде SCAT әуе компаниясының бағыттық желісі әлемнің бес еліне он екі бағыт бойынша жүргізіледі.