Шабыттанған Шәміл Әбілтаев Елбасының құрметіне күй тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шабыттанған Шәміл Әбілтаев Елбасының құрметіне күй тартты

Шабыттанған Шәміл Әбілтаев Елбасының құрметіне күй тартты

Ән мен күй тыңдап, түйткілдерді әңгімеледі. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда шығармашылық саланың майталмандарын қабылдады. Жазушысы бар, ақыны бар барлығы қазір жасап жатқан жұмыстарын көрсетті. Кездесуден қатты әсер алса керек, композитор Шәміл Әбілтаев тіпті президенттің 40 жыл бұрын жазған әнін орындап, өзі шығарған “Қазақстан-Нұрсұлтан” күйін де күмбірлетті.

  • 29 Наурыз 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz

-Елбасы шығармашылық саланың сырттандарымен жүздесуді игі дәстүрге айналдырғаны әмбеге аян. Ақыны, әншісі, жазушысы, актеры бар Президенттің алдынан табылатын шақырғанда. Жеткен жетістіктері мен толағай табыстарын ортаға тастап болашаққа топшылаған тек шығармашылық жоспарларымен бөлісетін. Бүгінгі кездесу де сол.

Елден ертерек Елбасының алдына жазушы Дулат Исабеков келді. Жылы жүзбен амандық-саулық сұрасқан соң шығармашылық жоспарларын, алға қойған мақсаттарын жеткізді.

Дулат Исабеков, жазушы, драматург:

-Англияға бара жатқанымды айттым, Лондонда менің кітабымның презентациясы болады. 6-шы сәуірде, 7-ші сәуірде менің пьессамның примьерасы болады. Шекспир елінде тұңғыш қазақ пьессасы. Қуанып жатыр, қолдаймын деп.

Артынша Елбасының қабылдауына өнер және әдебиет институтының басшысы Уәлихан Қалижанов аяқ басты. Біраз талқылау болды мұнда. Өйткені бүгінгі гуманитарлық сала қарабайыр ізге түспеуі керектігі, шығармашылық салада ізденістің қат болмауы қажеттігі қатты ескертілді. Жүздесуді түйіндеген композитор Шәміл Әбілтаев. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1973 жылы Теміртауда қызмет қылып жүргенінде Алматылық тілшілерге оқып берген өлеңі бар екен, соған әнін келістіріп әндетті Елбасының алдында Әбілтаев.


-Байда өтер, биді өтер, батыр да өтер,

 Басында панасы жоқ пақыр да өтер.

Бұл өмір қарап тұрсаң тұрағы жоқ,

Жел соқса бір-ақ күнде ұшып кетер.

Шабыттанған Шәміл Әбілтаев өзі шығарған “Қазақстан-Нұрсұлтан” күйін де күмбірлетті.

— Жарайсың.

Жылы жүздесуді мадиықтаған президент шығармашылық жандардың қарусыз майдандағы маңызын айта келіп, алда да әлемнің үздік шығармаларымен иықтас тұратын отандық туындылардың еселенуі қажеттігін айтты.