Биыл Астанаға жол төсеу үшін 16 миллиард теңге бөлінбек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Астанаға жол төсеу үшін 16 миллиард теңге бөлінбек

Биыл Астанаға жол төсеу үшін 16 миллиард теңге бөлінбек

Күн жылынып көктем келгелі Астананың жолдары да сыр бере  бастады. Еріген қар суы шеткері ауылдарды ғана емес, былтыр бюджеттің  миллиондарына төселген жолдың тас-талқанын шығаруда. Зардабын жүргізушілер тартып отыр. Ал шенеуніктер болса, су шайып кетіп жатқан жолдарды жөндеуге биыл қазынадан 16 миллиард теңге бөлмек. 

  • 29 Наурыз 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz

Астананың орталығы жылан жалағандай таза, тақтайдай тегіс жолды тек Есілдің сол жағалауында ғана көруге болады. Ал, өзге аумағынан адам  ұялады. Күн жылығалы жағдай тіптен ушығып отыр. Еріген қардан шұрқ тесіліп қалған жолдарды жұмысшылар жөндеп үлгере алмай жатыр.

-Кешкі сегізге дейін жұмыс істейміз…

Міне, бас қаланың жұрт ең жиі жүретін жолының сыйқы осы. Аттап бассаң шұқырдан шалынасың. Қотыр жолдан әбден мезі болған жүргізушілер көлігіміз «шіріп тынатын болды», —  деп шырылдап отыр. 

-Жөнделмей жатыр, ой-шұқырлары көп.

— Көлігіміді күнде жөндеп шығынға батып жатырмыз.

-Сапасыз жол жүргізушілерге мұң. Ал, көлік жөндеу орталықтарының бизнесін жандандырып отыр. Әсіресе көктем келгенде жолдағы шұқыр, ойықтан дөңгелегі немесе өзге де бөлшектері бұзылып, ауыстыруға келген машиналардың саны күрт артады. Сондықтан қазір техникалық қызмет көрсету орталықтары тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр.

Қызмет көрсету құны да шарықтап тұр. Ал шенеуніктер биыл Астанада қанша шақырым жолдың жөндеуден өтетінін әлі өздері де, білмейді. Сапасыз салынған жолдарды тексеру үшін шетелдік компаниялар мен мамандарды шақырып, сараптама жүргізіп жатыр екен.


Дархан Боранбаев, Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары:

-Биылға қанша шақырым  салынады деген нақты сан  жоқ, қазір жоспарланып жатыр. 16 миллиард теңге бөлінген соған жоспар дайындап жатырмыз.

Жол салуға құштар компаниялар көп. Енді оларға талап күшейтіледі. Бюджеттің миллиардтарын қалтаға салған кәсіпкерлер сапаға да, кепілдік беруі тиіс. Алайда, тәжірбие көрсеткендей, жазда төселген жолдың көктем шыққанда тас-талқаны шығып жатады.