Бензин бағасына қатысты Мұнай министрі мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин бағасына қатысты Мұнай министрі мәлімдеме жасады

Бензин бағасына қатысты Мұнай министрі мәлімдеме жасады

Елімізде бензин құны алдағы 3 айда қымбаттамайды.  Бүгін Мұнай министрінің өзі жүргізушілерге осындай  уәдесін үйіп төкті. Тіпті маусым айынан кейін де, бағаны қалайда ұстап тұрмақ. 

  • 29 Наурыз 2014
  • 302
Фото - Caravan.kz


Ұзақбай Қарабалин, Мұнай және газ министрі:

-Жылдың ортасына дейін баға өзгермейді, сондықтан алаңдауға еш себеп жоқ. Ал, оған дейін Ресейден жанармай тасудың жаңа механизмдерін дайындаймыз. Себебі, девальвациядан кейін көрші мемлекеттен тонналап бензин тасушылардың саны күрт қысқарды.

Қара алтынға бай Қазақстан ішкі нарықтың сұранысын жабу үшін жанармайдың 40 пайызын, яғни жылына 2 миллион тонна бензинді Ресейден тасымалдауға мәжбүр. Девальвациядан кейін бұл отандық кәсіпкерлерге тиімсіз болып қалыпты. Сондықтан, арадағы делдалдардан құтылу үшін  Үкімет «ҚазМұнайГаздың» жанынан арнайы компания құрмақ. Енді сұранысқа ие бензинді осы оператор тасымалдайтын болады. Жаңа компания белшеден шығынға батса да нарықтағы құнды ұстап тұруға міндетелмек.