Астана мен Киев Қырымға қатысты дауласып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Киев Қырымға қатысты дауласып қалды

Астана мен Киев Қырымға қатысты дауласып қалды

БҰҰ Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп мойындаған жоқ. Бас ассамблеяның арнайы қарарына тек 11 ел қарсы шыққан. Қалған жүзі қолдаса, Қытай, Бразилия мен Қазақстан сияқты 58 мемлекет дауыс беру кезінде қалыс қалды.

  • 29 Наурыз 2014
  • 540
Фото - Caravan.kz

Қырымға қатысты Ресейдің ұстанымын тек Армения, Белорусь, Боливия, Куба, Солтүстік Корея, Никарагуа, Судан, Сирия, Венесуэла мен Зимбабве қолдапты. Ал құжатты Германия, Канада, Польша мен Украина бірігіп дайындаған болатын. Резолюция авторлары Украинадағы жағдайды тез арада тікелей саяси келіссөздер жүргізу арқылы шешуге кеңес беруде. Айта кетерлігі Қауіпсіздік кеңесінің шешімі міндетті болса, Бас ассамблеяның резолюциясы тек ұсыныс қалпында қалады. Ал Қазақстанның ұстанымы Украина тарапының көңілінен шықпай жатса керек. Киев сәрсенбі күні қазақстандық дипломаттарды шақырып, Астана саяси бағытын айқындасын деп талап еткен болатын. Арнайы нота да жолдаған. Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми Киевтің сол қарсылығына қатысты мәлімдеме жасады.


Жанболат Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Украинаның Сыртқы істер министрлігінің нотасын түсіністікпен қабылдадық. Бұл нотоның пайда болуы парасатты оймен емес, эмоциямен жасалғанға ұқсайды. Қазақстан Украинадағы жағдай бойынша салмақты және шынайы ұстанымда.