Ресей жалға алған полигондарда сынақ өткізуге тиым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ресей жалға алған полигондарда сынақ өткізуге тиым салынды

Ресей жалға алған полигондарда сынақ өткізуге тиым салынды

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай ! Бөкейорда ауданындағы Шоңғай ауылының тура іргесіне Ресей зымыраны құлады. Жұрт түн ортасында болған жойқын жарылыстан шошып оянған. Іле шала өрт тұтаныпты.

  • 29 Наурыз 2014
  • 516
Фото - Caravan.kz


Құлаған аппарат «Капустин Яр» полигонынан ұшырылған МН-300 метеорологиялық зымыраны екен. Шоңғайдан небәрі 200 шақырым жерде орналасқан ресейлік әскерилер мен еліміздің шұғыл қызмет өкілдері апат орнына дереу жеткен. Ал зымыран белгілі биіктікке көтеріліп, метеоақпарат жинаған соң, арнайы аймаққа құлауы тиіс болыпты. Бірақ қозғалтқышы сыр беріп, бағытынан ауытқыған. Қайта тұрғын үйлерге жүз метрдей жетпей құлапты. Өлім-жітім жоқ. Дегенмен түн ортасында төбеден түсен жайдан жұрт шошып қалған. Ал қоршаған ортаға келген залалды экологтар мен СЭС мамандары анықтап жатыр. Мән-жай анықталғанша Қорғаныс министрлігі Ресей жалға алған полигондарда сынақ өткізуге тыйым салды.