Афинада Елбасының «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабының тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Афинада Елбасының «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабының тұсауы кесілді

Афинада Елбасының «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабының тұсауы кесілді

Афинада Қазақстан Елшілігі Еуропалық және сыртқы саясат жөніндегі грек қоры және Жоғары философия мектебімен бірлесіп, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың грек тіліне аударылған «G-global: XXI ғасыр әлемі» кітабының тұсаукесеріне арналған «дөңгелек» үстел ұйымдастырды.

  • 29 Наурыз 2014
  • 479
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараға Грекияда тіркелген дипломатиялық корпустың мүшелері, ғылыми-зерттеу топтары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ аталған оқу орнының профессорлық-ұстаздық құрамы мен тыңдаушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар қазақстандық «G-global» бастамасымен танысты. Сонымен қатар «дөңгелек» үстел барысында Қазақстанның «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесі, Астана экономикалық форумы, «АТОМ» жобасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі сияқты халықаралық бастамалары жайында да кең мағлұмат берілді.

Философия докторы, Крит технологиялық университетінің профессоры Д.Пателис «G-global: XXI ғасыр әлемі» кітабында баяндалған идеяларға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның демократиялық өзгерістері екпінін және әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқынды динамикасын атап өтті.


«Дөңгелек» үстел аясында аудитория назарына «Welcome to Kazakhstan» тұсаукесерлік бейнефильмі көрсетілді.