Сайттың жазуынша, АҚШ-тың Флорида штатындағы Аллигатор Поинт тұрғын ауданына кіріп кеткен қоңыр аю тұрғындарға қауіп төндірмес үшін құтқарушылар оны ұйықтататын дәрімен атқан. Алайда шошынған аю жақын маңдағы Мексика бұғазына түсіп кеткен. Біраз уақыттан кейін дәрінің әсерімен су ортасындағы аю ұйықтай бастайды. Егер оны судан шығармаса, батып кетуі мүмкін еді.
Сол кезде жергілікті биолог Адам Уорвик суға секіріп түсіп, 180 келі тартатын аюды желкесінен сүйреп шығарады. Ал құтқарушылар оны қауіпсіз ортаға алып кетті.



