Ғалымдар: Ақуыз диетасы жасаруға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: Ақуыз диетасы жасаруға көмектеседі

Ғалымдар: Ақуыз диетасы жасаруға көмектеседі

Соңғы уақытта мамандар ет өнімдерінен бас тартып, жеміс-жидекті көптеп жеу керектігін айтып жатса, жапондық ғалымдар ақуызды көп мөлшерде пайланағна жөн деп отыр. Атап айтқанда, зерттеушілер жануарлардың етіндегі ақуыздар адамдардың физикалық және психикалық жағдайын жоғары деңгейде ұстап тұрады деген мәлімдеме жасады.

  • 31 Наурыз 2014
  • 2199
Фото - Caravan.kz

Ғалымдардың айтуынша, бұл тек жастарға ғана емес, егде жастағы ересек адамдар үшін де маңызды. Осы орайда, олар жақында Жапонияда мың адамды тестілеуден өткізіп, сауалнама жүргізіпті. Зерттеудің бірінші кезеңінде қатысушылар қалай тамақтанатындарын айтып берген. Арада жеті жыл өткен соң олар аталған тест сұрақтарына қайтадан жауап беріп, дәрігерлердің тексеруінен өткен.  

Қатысушыларға ыңғайлы болуы үшін ақуызды пайдаланушыларды төрт топқа бөлген. Нәтижесінде, ақуызды пайдаланушылардың оны мүлдем пайдаланбаған адамдарға қарағанда, деменция мен мидың басқа да ауруларына екі есеге аз шалдығатындығы анықталған. Әсіресе, ақуыздың ер адамдардың ағзасына пайдалы екені де байқалған, деп жазады Росбалт.