Көкпекті ауылына халықты көшіру, торуылдау және жағдайды бақылау үшін мамандар аттандырылды.
Пайда болған қауіпке байланысты ескерту жасалып, Көкпекті ауылының (210-ға тарта адам) және Қарағанды қаласының Сортировка кентінің 30 ауласының (150 адам) тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар мектептер мен өздерінің туыстарына көшірілді. Көкпекті өзенінің бойындағы, одан әрі Нұра өзенінің бойындағы барлық елді мекендерге ескерту жасалды.
2014 жылдың 31 наурызы 1.30 кезінде Көкпекті су қоймасының бөгетін су шайып кетуіне байланысты Көкпекті ауылының 300-ге жуық үйін (810 үйдің) су басты.
2014 жылдың 31 наурызында 2.45-тен бастап кентте су деңгейі төмендей бастады.
Облыс басшылығының тапсырмасымен төтенше жағдайды жоюға және су басқан баспаналардан халықты қауіпсіз жерге көшіруге алымды, жол талғамайтын машиналар, тиісті бөліністер іске қосылды. Штаб құрылып, 25 бірлік арнайы техника, 30 адамнан құрылған медициналық көмек іске кірісті.
Жүргізілген жұмыстардың арқасында Көкпекті ауылының 125 адамы құтқарылды.
Мектеп асханасында көшірілген халықты тамақтандыру ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайды жою жұмыстары Қарағанды облысы әкімінің тікелей бақылауында.