«ҚазАгро» ҚР агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға 1 млрд. 200 млн. доллар инвестиция тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАгро» ҚР агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға 1 млрд. 200 млн. доллар инвестиция тартты

«ҚазАгро» ҚР агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға 1 млрд. 200 млн. доллар инвестиция тартты

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі батыс нарығынан қазақстандық шаруаларды қаржыландыру үшін 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларын тартты, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов рrimeminister.kz. сайтына берген сұхбатында.

  • 31 Наурыз 2014
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы біз айтарлықтай төмен пайызбен 1 млрд. доллар тарттық. Сонымен бірге, біз жаңа жылдың алдында 100 млн. доллар және екі апта бұрын тағы 100 млн. доллар алдық. Осылайша, соңғы жарты жылда батыстың нарығынан біз 1 млрд. 200 млн. долларды тарттық», — деді Қ.Айтуғанов.

Ол өткен жылы «ҚазАгро» ҰБХ халықаралық агенттіктердің бағалауы бойынша, Қазақстанның тәуелсіз рейтингісімен бір деңгейде ВВВ+ рейтингісіне ие болғанын атап өтті. Бұл рейтинг компанияның несие өтеу мүмкіндігін бағалайды. Сенімділіктің орташа деңгейінің жоғарысына жатады және компанияның мемлекетпен стратегиялық және тығыз байланысын көрсетеді.

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты компанияның инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен жүзеге асырып отыр.


Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепілдік» АҚ мен «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.