Ақтауда ортаазиялық инжиниринг орталығы құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда ортаазиялық инжиниринг орталығы құрылмақ

Ақтауда ортаазиялық инжиниринг орталығы құрылмақ

Ақтауда Орталық Азия үшін Инжиниринг орталығын құруға 2,3 млрд теңге қажет,

  • 31 Наурыз 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

деп облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл орталық Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті жанынан құрылмақ.

Орталық құру мәселесі облыс әкімі Алик Айдарбаевтың Фраунгоффер атындағы Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және автоматтандыру институты Инжиниринг орталығының басшысы Марко Шуманмен кездесуі кезінде талқыланды.

Институт сарапшылары атап көрсеткендей, Орталық құру аймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейіні біршама артуына ықпал етеді.

Инжиниринг орталығы ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысын бизнес үшін түсінікті және инвестициялық тұрғыдан тартымды етуге мүмкіндік береді. Орталық қызметкерлері сыртқы сарапшылардың көмегімен ғылыми-техникалық сараптама жүргізеді және ұсынылған технологияның тартымдылығын айқындайды. Іріктеуден өткен жобалар үшін мамандар бизнес үлгілер, маркетингтік жоспарлар мен бизнес жоспарлар әзірлейді.