Астанада ЭКСПО-2017 нысандарын салу барысында қанша жұмыс орны құрылады? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ЭКСПО-2017 нысандарын салу барысында қанша жұмыс орны құрылады?

Астанада ЭКСПО-2017 нысандарын салу барысында қанша жұмыс орны құрылады?

EXPO-2017 барысындағы құрылыс кезеңінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

  • 31 Наурыз 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Менің ойымша, көрме айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізеді. Бұл ауқымды шара шағын және орта бизнеске, қызмет көрсету саласына едәуір пайда тигізеді. Егер біз құрылыс саласын ескеретін болсақ, онда көрмені өткізу мен оған дейінгі кезеңде 20 мыңға тарта жұмыс орындары қамтамасыз етіледі», — деді Т. Ермегияев.

Сонымен қатар Ұлттық компанияның басшысы алдағы екі аптада көрмені өткізуге жұмсалатын жалпы шығыстар жайында хабарлайтынын уәде етті.


«Көрме құнына тоқталатын болсақ, ол техникалық-экономикалық негіздеме жасалғаннан кейін анықталады. Қазіргі кезде біз оны аяқтауға жақындадық. Меніңше, алдағы екі аптада біз техникалық-экономикалық негіздемеге сараптаманы алатын боламыз. Онда бұл жобаның базалық құны аясында алдын ала сандар көрсетіледі»,  — деп нақтылап өтті Т. Ермегияев.