Дубайда туристерге салық сала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда туристерге салық сала бастады

Дубайда туристерге салық сала бастады

Дубайда 31-наурыздан бастап әмірліктердің қонақ үйлерінде тұрған туристерге салық салына бастады, деп хабарлауда Gulf News.

  • 31 Наурыз 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz


Басылым атап өткендей, қонақтардан ақы әр тәулік үшін алынатын болады. Салықтың көлемі отельге байланысты өзгеріп тұрмақ, 7 -20 дихрам аралығында болмақ.

Туристерден алынған ақша Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг департаментіне аударылмақ. Ол ақша халықаралық рынокта Дубайдың туризм мен саудасын ынталандыру үшін жұмсалмақ. Қаржының бір бөлігі әмірлікте өтетін Expo-2020 халықаралық көрменің бір бөлігін қаржыландыруға көзделген.