Салымшылардың бүкіл дербес зейнеткерлік есеп-шоттарын БЖЗҚ аудару аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салымшылардың бүкіл дербес зейнеткерлік есеп-шоттарын БЖЗҚ аудару аяқталды

Салымшылардың бүкіл дербес зейнеткерлік есеп-шоттарын БЖЗҚ аудару аяқталды

"Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ" АҚ салымшыларының зейнеткерлік ақшалары "БЖЗҚ" АҚ-на өткізілді.

  • 31 Наурыз 2014
  • 783
Фото - Caravan.kz

Енді бүкіл қорлардың салымшыларының дербес зейнеткерлік есеп-шоттары БЖЗҚ құрылымында, деп хабарлады дүйсенбіде қордың баспасөз қызметінен.

Рыноктың 30 пайыздан астамына ие болған соңғы жинақтаушы зейнеткерлік қор-Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ БЖЗҚ-на қосылуы биыл 26-наурыз күні басталған, бүкіл зейнеткерлік активтер бір операциялық күннің ішінде аударылды.

Халық банкі ЖЗҚ арқылы қосылған салымшылардың жалпы зейнеткерлік қаржысы 1 трлн 323 млрд теңгені құрады.

Бүкіл ЖЗҚ-ның зейнеткерлік активтері мен міндеттемелерінің шоғырлануы нәтижесінде келісімшарттың барлық түрлері бойынша зейнетақы алушылардың саны 9 млн 689 мың 947 құрады, жиналған зейнеткерлік ақша 3,9 трлн теңгеден асып отыр.

БЖЗҚ Қазақстанда жұмысын 2013 жылы 22-тамыз күні бастады. Оның құрылтайшысы мен акционері республика үкіметі ( қаржы министрлігінің мемлкеттік мүлік және жекешелендіру комитеті), қордың активтерін Қазақстан Ұлттық банкі басқаратын болады.