Бұрын-соңды әзірленбеген шұжыққа 50 келі сиыр еті мен 7 келі әртүрлі табиғи дәмдеуіштер қосылыпты. Және алып шұжықты 30-ға жуық маман 5 күн бойы жасаған. Дәм татқысы келген атыраулықтардың қарасы аз болған жоқ. Бірақ, ұйымдастырушылар оның біраз бөлігін қаладағы балалар үйлеріне табыстауды жөн деп тапты.