Баспана алам деп ақша жинаған салымшылардың мемлекеттік банктен көңілі қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспана алам деп  ақша жинаған салымшылардың мемлекеттік  банктен көңілі қалды

Баспана алам деп ақша жинаған салымшылардың мемлекеттік банктен көңілі қалды

Ақтауда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары наразылық білдірді. Олар үш жыл бойы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша өз пәтерлеріне қол жеткізе алмай келеді. Жұрттың белгіленген уақытта қоныс тойын тойламауына құрылыс талаптарының сақталмауы себеп болған. Салдарынан салынып жатқан үйдің қабырғалары мен еденіне қойылған бетон плиталар майысыпты. Атқамінерлер  мен ғылыми институт мамандары осы олқылықтың көзін жойып, құрылысты қалай аяқтау керек деп бас қатырып жатқанда, баспанасыз қалған жандардың шыдамы таусылған.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Күйеуімен ажырасып, үш баласымен жалғыз қалған Раушан Исламғалиеваның жарты жалақысы мына бір бөлмелі пәтерді жалдауға кетеді. Айлығының қалған бөлігі азық-түлік пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымына жұмсалады. Раушан «Қолжетімді баспана» бағдарламасына тіркеліп, 3 жыл бойы үздіксіз ақша аударғанына қарамастан, әлі күнге дейін пәтерін тек қағаз жүзінде көріпті.

Раушан Исламғалиева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Мына жерде белгіленген уақыты да бар. 2012-нің екінші кварталында беріледі делінген. Әлі күнге дейін ала алмай жүрміз 2014-тің сәәуір айы болды. Көлемі 39, 27-пәтер деп те, белгілеп берген.

Дәл осындай қиындықты  қазір ақтаулық 400 жанұя тартып отыр. Олардың барлығы жарнамасы жер жарған мемлекеттік бағдарламаның салымшылары. «Ақтау-сити» жобасына сенгендердің барлығы құрылыс жұмыстары тоқтатылғандықтан белгіленген уақытта өз пәтерлеріне кіре алмады. Себебі құрылыс талаптары орындалмай, үй сыр берген.

Сәнім-ай Ақботаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

– Бағдарлама жабылып қалды деп лақтырып тастады. Одан қайтадан енгізді.  Есіміз шығып кетті. Не істерімізді біліп отырған жоқпыз. Бұрын бұл ақшаға біз үй ала алушы едік. Бір пәтерлі  болса да.

Қарағандылық «Бесоба» Ақтауда орын алмауы үшін шенеуніктер бұл түйткілдің шешімін іздестіруде. Алайда бір жарым жылдан соң ғана амал тауыпты. Енді үйге толықтай күшейту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бірақ осы әрекетті іске асыруға және қайта жасалған жобалық-сметалық құжаттарға кімнің ақша төлейтіндігі белгісіз.


Сүйіндік Алдашев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

– Бұл нысанда құрылыс жұмысы жалғасады. Биыл болмаса да, келесі жылы жұмыс аяқталады да, тапсырылады. Ал кімге дәл қазір баспана керек, оларға басқа жерде басталған 300 пәтерлік нысандағы пәтерге ауыстыру мәселесін талқылап жатырмыз

Осы күнге дейін тек ауызша уәдемен тойдырып келген жауаптылардан жиналған жұрт жазбаша кепілдеме беруді талап етті. Бірақ соңғылары пәтерлерін басқасына ауыстыру жайлы ұсыныс жасады. Оның да құрылысы әлі аяқталмаған екен.