Жұмыспен қамту орталығының директоры «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының ақшасын заңсыз пайдаланған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыспен қамту орталығының директоры «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының ақшасын заңсыз пайдаланған

Жұмыспен қамту орталығының директоры «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының ақшасын заңсыз пайдаланған

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Айыртау ауданы Жұмыспен қамту орталығының директоры А.Т. Жүсіповаға қатысты қылмыстық іс тергеуін аяқтады, ол «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, жалған құжаттар жасаған, деп хабарлады СҚО ЭҚСКД баспасөз қызметінен.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz

Айыптау қорытындысымен қылмыстық іс прокуратура органдарына жіберілді.

Тергеу барысында Айыртау аудандық әкімдігінің  2012 жылғы 2 сәуірдегі қаулысымен 7 кәсіпорынды Айыртау ауданы бойынша ұйымдарға 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілер ретінде бекіткені анықталды.

Сонымен, 2012 жылғы 20 наурызда Жұмыспен қамту орталығының директоры «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланып, көрінеу заңсыз шарт жасаған, оған сәйкес жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын береді, ал Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды жолдамамен жіберіп отырады, жұмысқа қабылданған азаматтарға мемлекет есебінен ішінара еңбек төлемін жүргізеді.

Бұдан басқа, А.Т. Жүсіпова «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңын және тиісті қағидаларды бұза отырып, төлем есебіне қол қойып, «әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан азаматтарға» 2012 жылғы ақпан мен қаңтар айларына еңбекақы төлемі ретінде жалпы сомасы 1,87 млн. теңге ақшалай қаражатты кәсіпорындардың есепшотына аударады.  Ал көрсетілген кезеңде бюджеттік қаражат аударылған 36 азамат уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, сонымен бірге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушысы да болмаған.

Осы кезеңде директор көрсетілген қызмет туралы тоғыз жалған құжатқа қол қойған. Акті деректеріне сәйкес азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жұмыстары орындалған. Ал шындығында азаматтар бағдарламаның қатысушысы емес болып шықты, олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылмаған.


Осы жылғы 27 наурызда А.Т. Жүсіповаға айып тағылып, елден сыртқа шықпау түрінде бұлтартпау шаралары қабылданды.