Бұл шешім Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қабылданып отыр.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Төкешеваның сөзіне қарағанда, облыс орталығында күні бүгін 232 майдангер, 17 бұрынғы тұтқын және қоршауда болған 10 адам тұрады. Олардың әрқайсысы орта есеппен коммуналдық қызметке 8873 теңге жұмсайды. Енді оларға қала қазынасынан ай сайын 9260 теңге төленбек.