Көкпекті кентінің тұғындарына көмекке ішкі әскер келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпекті кентінің тұғындарына көмекке ішкі әскер келді

Көкпекті кентінің тұғындарына көмекке ішкі әскер келді

Қарағанды облысының су басып кеткен Көкпекті кентінің тұғындарына көмекке ішкі әскер келді.  Ішкі әскер әскери қызметшілерінің күштері 137 аула мен 7 көшені қоқыстардан тазартты, деп хабарлады  ҚР ІІМ Ішкі әскерінің баспасөз қызметінен.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz

«Бөгетті бұзып, Көкпекті ауылын су басты деген хабарды ести сала, көкпектіліктерге Ішкі әскердің «Орталық» РМК 5451 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшілері мен 10 бірлік техника дереу көмекке жетті. Ішкі әскердің жиынтық жасағының жеке құрамы апат салдарын жоюға қажетті барлық керек-жарақтармен, арнайы қорғау жабдықтарымен сақадай-сай келді. Әскерлер адамдар мен көліктерді судан алып шығып, аула мен көшелерді тазалауға, сонымен қатар елді мекенді торуылдауға жұмылдырылды», делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасын табуда.