Көкпекті ауылында қаза тапқандардың отбасылары 1 млн. теңге өтемақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпекті ауылында қаза тапқандардың отбасылары 1 млн. теңге өтемақы алады

Көкпекті ауылында қаза тапқандардың отбасылары 1 млн. теңге өтемақы алады

Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында су  тасқыны салдарынан мерт болған жандардың отбасыларына 1 млн. теңге көлемінде өтемақы төленеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Бүгін кешқұрым аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол қазіргі уақытта жағдайдың  бақылауда екендігін, барлық зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілетіндігін мәлім етті.

Облыс әкімі ешкімнің де елеусіз қалмайтындығына сендірді. Мұнда медициналық көмек, тамақтандыру ұйымдастырылды.

«Аймақ басшысы  су бөгетінің бұзылуы салдарынан ажал құшқан 5 ауыл тұрғынының туған-туыстарына көңіл айтты. Марқұмдарды жерлеудің барлық шығынын жергілікті билік органдары көтеретіндігін жеткізді»,- делінген хабарламада.

Үйсіз қалған отбасылары  мектеп пен екі жатақханаға орналастырылды.


 Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасының бөлімшелері,  Азаматтық қорғаныс полкі, ішкі әскердің әскери қызметшілері, Қорғаныс министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы, байланыс қызметі, ветеринарлық жасақ пен жергілікті атқарушы органдар су тасқыны салдарын жою жұмыстарымен шұғылдануда.