Азиада-2011 ойындарының тағы бір былығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада-2011 ойындарының тағы бір былығы ашылды

Азиада-2011 ойындарының тағы бір былығы ашылды

Алматыда 2011 жылы өткен 7-ші қысқы Азия ойындарының «Ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы» АҚ-ның Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің Телерадиотарату және медиатехнология басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Мусинге қатысты қылмыстық іс жаңа фактілермен толықты, деп хабарлайды Қаржы полициясының баспасөз қызмет

  • 1 Сәуiр 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz


Қазіргі уақытта оның үстінен Қылмыстық Кодекстің «Заңсыз табылған қаржыны немесе өзге де мүлікті жекешелендіру» бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол 2009-2011 жылдары аралығында БМВ 750 және Мерседес Бенц Е-250 көліктерін сатып алып, өзіне жекешелендіріп алған.

Еске сала кетейік, бұның алдында ол 2009 жылдың тамыз айында «Q-Service» ЖШС құрып, оны туыстарының атынан тіркеп, мердігер ұйым ретінде 2009 жылдың 9 қыркүйегінен 2012 жылдың 9 қазанына дейін 1,4 млрд теңге көлемінде қаржы алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сонымен қатар осы қаржының шамамен 600 млн. теңгесі Мусиннің нұсқауымен жалған кәсіпорындар арқылы жымқырылған.