Ашық мұхитта жоғалып кеткен балықшы 1 жылдан кейін табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашық мұхитта жоғалып кеткен балықшы 1 жылдан кейін табылды

Ашық мұхитта жоғалып кеткен балықшы 1 жылдан кейін табылды

Осыдан 13 ай бұрын акула аулау үшін ашық мұхитқа шыққан Сальвадор азаматы Хосе Альваренга еліне оралды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz


Балық аулауды кәсіп қылған ол өзінің әріптесімен Маршалл аралдары жанында ашық мұхитта дауылға тап болған екен. Кейін қолдан жасалған қайықтың қозғалтқышы істен шығып, оларға бірнеше ай мұхит кезуге тура келген. 

Қос мұңлық бір жыл бойы шикі балықпен қоректеніп, тасбақаның қанын ішіп келген. Кейін оларды норвегиялық ғалымдар байқап, отанына жеткізді. Ол уақытта Хосенің қасындағы әріптесі бұл қиындыққа шыдай алмай қаза болып кеткен екен.

Қазіргі таңда дәрігерлер Хосенің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп отыр.