Сирияда соғысып жатқан қазақстандықтар туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда соғысып жатқан қазақстандықтар туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды

Сирияда соғысып жатқан қазақстандықтар туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды

Қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қаринның пікірінше, Сирия аумағында Қазақстанның жүздеген азаматы соғысып жатыр деген мәлімет шындыққа жанаспайды.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 727
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы талқыланған маңызды мәселелердің бірі – Қазақстан азаматтарының Сирия сынды қақтығыс ошақтарына аттануы болатын. Негізінен, сол жақта соғысып жатқан 150-ден астам азаматымыз туралы бейнеролик қызу пікірталас тудырды. Шын мәнінде, бұл жерде Сириядағы қақтығыстарға қатысып жүрген жүздеген қазақстандық туралы әңгіме болып отырған жоқ», — деді Е.Қарин сейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Саясаттанушының пікірінше, бұл цифрлар үгіт-насихат мақсатында қасақана өсіріп айтылып отыр. «Терроризм дегеніміз, жарылыстар ғана емес, ол – ақпараттық соғыс. Оның басым бөлігі ақпараттық соғыстан тұрады», — деді ол.


Е.Қариннің айтуынша, оның шетелдік әріптестерінің пікірі де осыған ұқсас көрінеді.