Ақсуда босануға айы- күні жетіп қалған келіншек ерлік жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсуда босануға айы- күні жетіп қалған келіншек ерлік жасады

Ақсуда босануға айы- күні жетіп қалған келіншек ерлік жасады

Екіқабат әйел ерлік жасады! Павлодар облысында  босануға айы-күні жетіп қалған келіншек сең жүре бастаған өзенге секіріп, 8 жасар баланы құтқарып қалды.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz


Сол күні жүктіліктің 9-шы айында жүрген Галина Битлян 4 жасар ұлын ертіп, жағажайға серуендеуге шығады. Енді жете бергенде, опырылған мұзды айналшықтап, көмек сұрағандардың дауысын естіген. Сөйтсе, ойыннан от шығып, балалардың біреуі аяғы тайып, суға құлаған екен. Тәуекелге бел буған 22 жастағы келіншек көп ойланбай суға секіріп, оны жағаға алып шыққан. Ал  ажал құша жаздаған ұлдың жағдайы белгісіз. Балаларының шошынып қалғанын алға тартып, сұхбат беруден тартынған ата-анасы алғыс айтуға да жарамапты. Келіншектің ерлігін ескерген Ақсудың құтқарушылары болса, жуық арада Битлян Галинаға ерекше сый-құрмет көрсеткелі отыр.