«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бір топ менеджерінің қолына кісен салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бір топ менеджерінің қолына кісен салынды

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бір топ менеджерінің қолына кісен салынды

Қақпанға тобымен түсті! Қаржы полициясы «Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджерлерінің қолына кісен салды. Ұлттық компанияның басқарушы директоры Валерий Шевелев пен «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» еншілес серіктестігі директорының орынбасары бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталуда.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ олармен сыбайлас болған құрылыс фирмасы басшысы да қамауға алынған. «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды салумен, жөндеумен айналысатын «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес серіктестігі. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, сондай келісім-шарттардың бірін жасау кезінде сыбайластар миллиард теңгеден астам қаржыны қалталарына басқан. Осы топтың басы-қасында болған Шевелев қазір қамауда отыр. Айта кетсек, бұл уран өндіруші алпауыт компаниядағы алғашқы жемқорлық дауы емес. Мұның алдында «Қазатомөнеркәсіп»-тің басшысы Мұхтар Жәкішев те ірі көлемде қаржы қымқырғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.