Бөгеті жарылған Көкпектідегі су қоймасының қожайынынан жауап алынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бөгеті жарылған Көкпектідегі су қоймасының қожайынынан жауап алынып жатыр

Бөгеті жарылған Көкпектідегі су қоймасының қожайынынан жауап алынып жатыр

Бүгін Үкіметте осы су тасқынында қаза болғандардың аты-жөні аталды. Марқұмдардың барлығы қауіпсіз жаққа шығып үлгермей, суға тұншығып өлген. Алды 90-дағы қария. Қазір апат себептерін анықтаумен ведомствоаралық комиссия айналысып жатыр. Ал зардап шеккендердің барлығына Үкімет миллион теңгеден өтемақы берілетінін айтты.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысы тасқынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтудан бастады. Премьер Серік Ахметов зардап шеккен әр отбасы биліктің назарынан тыс қалмайды деп сендіріп отыр. Қазір апаттың себебін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылған. Ал Көкпектідегідей тасқын тағы қайталануы мүмкін. Сондықтан, Үкімет басшысы осы облыстағы бірнеше өзен-көлдерді қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:

Нұра,Қарғалы өзендерінде қауіп күшті.Мұз тез еріп барады. Сондықтан, бұл аймақтарда төтенше жағдай жариялау керек деп ойлаймын.

Тасқыннан зардап отбасыларға 1 млн теңгеден өтемақы берілмек. Ал оқиға орнынан келген Төтенше жағдайлар министрі қаза тапқан бес адамды атап, із-түзсіз кеткендер бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Марқұмдардың үлкені 90-да, кішісі 35-те.

Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

– Қаза болғандардың үшеуі зейнеткер. Тасқын болады дегенді естіген 2 зейнеткер жолға қарай шыққан. Бірақ үлгере алмай, суға кеткен. Әйелдің біреуі күйеуі отырған машинаға секіріп үлгермеді. Бұдан бөлек, тағы бір әйел ауырып жатып, үйден шыға алмаған. Біз әрбір үйдің тұрғыны бойынша ақпарат жинадық. Із-түзсіз кеткендер жоқ.

Тасқын салдарын жоюмен қазір 600 адам айналысуда. Әскерилер де көмекке тартылған. Ал, 60 жыл бұрын салынған су қоймасы жеке қолда екен. Қазір тергеушілер серіктестік қожайындарынан да жауап алып жатыр. Кезінде Қызылағашта да осылай су қоймасының иесі  мен жергілікті шенділер айыпталып, кейін бәрі жеңіл жазамен құтылған. 43 адамның өмірін жалмаған сол 4 жыл бұрынғы апаттан соң билік барлық су қоймалары тексеріледі деген болатын. Бұл жол да сондай жаттанды жауап айтылды. Қазір Көкпектідегі су қоймассының қожайынынан жауап алынып жатыр. Ол қозғалған қылмыстық істің басты күдіктісі.


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі:

— Қазір Сенатта "Азаматтық қорғаныс туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Егер заң жобасы қабылданса, елдегі барлық су қоймаларын бақыоауға аламыз. Ал, мына Көкпекті жекеменшік болған соң, ол жерді біз тексерген емеспіз.

-Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды ғана емес, мұндай су тасқыны Ақмола мен Солтүстік Қазақстан тұрғындарын да күтіп тұр дейді. Ал, Көкпектідегі су тасқыны республикалық маңызға ие жолдарды шайып, тіпті Павлодар облысына қарай бет алған.